Сонымен, финал. 24 құраманың қатысуымен өткен аса қызықты турнирдің төрт аптасы артта қалды, енді бізді финал күтіп тұр. Бұл матч Еуро классикасына айналуы да мүмкін. Көп адам үшін Испания — жұртшылықты жалынды шабуылға сүйенген ойынымен тәнті еткен турнирдің үздік командасы. Луис де ла Фуэнтенің командасында Родри және Альваро Мората сияқты ардагерлердің тәжірибесі жас Ламин Ямал мен Нико Уильямстың болжап білмес талантымен тамаша ұштасады. Испандардың жолында әуелде орашолақ ойнап, кейіннен турнирге толық кіріге білген, ақыр аяғында, финалға қатарынан екінші рет жеткен Англия тұр. Оған қоса ағылшындарды Испаниямен қорқытудың да реті жоқ: екі команданың УЕФА Ұлттар лигасы аясында Севильяда өткен соңғы матчында «үш арыстан» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл оқиға 2018 жылы өтсе де, Англияны Саутгейт жаттықтыратын еді. Қысқасы, жайланып отырыңыздар: бұл бір даңқты финал болуы ықтимал.
Матч Берлиндегі «Олимпиаштадионда» — турнирдің 71 мың адамға есептелген ең сыйымды аренасында өтеді. Берлиннің «Герта» командасының өз алаңы болып саналатын «Олимпиаштадионда» 1985 жылдан бері Германия кубогының финалдары өткізіліп келеді. Арена аса жоғары деңгейлі матчтарды да аз қабылдаған жоқ, оның ішінде Италия Францияны жеңген 2006 жылғы әлем чемпионатының финалы, «Барселона» «Ювентусты» тізерлеткен 2015 жылғы Чемпиондар лигасының финалы бар.
Англияның ойын стилі испандарға ұқсап барады. Саутгейттің командасында допқа иелік ету кезіндегі пастардың орташа саны ең көп, допты жылжыту жылдамдығы ең төмен және пенальтилерді есептемегенде, 90 минутқа шаққандағы xG 0,72 ғана (плей-оффқа шыққан командалар ішінде Грузия мен Румынияның көрсеткіші ғана төмен). Яғни бір-бірімен есепсіз пас алмасу шын мәнінде көп ештеңе бере қоймайды. Испан стиліне аса нашар карикатураны біз есептің 0:0 кезінде көбірек байқаймыз. Допқа орташа иелік ету көрсеткіші бойынша Испания Англиядан қалыңқы (57,0% — 58,2%), бірақ оны турнирде басқалардың бәрінен жақсы пайдаланып келеді. Сондай-ақ Луис де ла Фуэнтенің командасы — соққымен аяқталған қарсы шабуылдар бойынша да көшбасшы. Стилистикалық тұрғыда олар Луис Арагонестің 2008 жылғы командасына барынша жақын. Паспен өте ақылды ойнайды, тиімділікке мән бере отырып, догмаға ұрына бермейді. Бір Эмерик Лапорттың өзі Англияның негізі орталық қорғаушылар жұбы Джон Стоунз бен Марк Гехиге (35) қарағанда көбірек алға пас берді (40). Испанияның негізгі құрамы мейлінше тұрақты және орталық шептегі қанаттастық өте жоғары — мұнда Родри, Фабиан Руис және Педри бар. Ондағы үйлесім Педри жарақат алғанда ғана өзгерді — бұл кезде Дани Ольмоның жолы ашылды, ол бос қалған орынды тез пайдаланып кетті. Англия бүкіл турнир бойы Деклан Райсқа серіктес ойыншы іздеп келеді. Байқауымызша, ешбір байланыс толық кемел емес, дегенмен шешуші матчтарда Кобби Майну негізгі құрамда шығып жүрді. Жаңа Испанияның қаһармандары — өте ширақ, желаяқ вингерлер Ламин Ямал мен Нико Уильямс. Міне, осы мықтылар команданың бояусыздыққа ұрынуына жол бермейді. Англия құрамасының дәл осы шептеріне ең алдымен қорғаныс міндеті тапсырылған. Шабуылдың кең қанат жаюына Киран Триппьер (допсыз ойында сенімділік береді, ал шабуылды қолдауға соңғы кезекте мән береді) және Букайо Сака (қолынан бәрі келеді, бірақ турнир барысында бесінші қорғаушыға айналды) жауапты. Англия есе қайтару керек болған кезде жақсы ойнай бастайды.
Команда ойынның бастапқы минуттарында өте солғын көрінеді. Испания — оған толықтай қарама-қайшылық. Алғашқы минуттан-ақ таптап кетуі мүмкін, бірақ басымдыққа ие болған соң біраз сансырап қалады. Англияның көп ойын өткізіп жатқанына қарамастан, Саутгейт ойыншыларды көп ауыстыра бермейді. Құрамға тіркелген бес ойыншы алаңда әлі бірде-бір минут өткізген жоқ. Негізгі құрамда 14 футболшы бой көрсетті (Испанияда — 22). Кастинг жасаған жалғыз шеп — артқы жартылай қорғаныстағы Райстың серіктесі. Әуелі Трент сыналды, содан кейін бір тайм Галлахер ойнады, плей-оффқа қарай Майну негізгі ойыншыға айналды. Гареттің бірбеткейлігі екі себеп бойынша таңдай қақтырады. Біріншіден, команда құрамының бір бөлігі өздеріне ыңғайсыз рөлмен келісуге мәжбүр. Триппьер – оңқай, бірақ ол бәрібір сол қанатта шығады. Фоден турнирдің басым бөлігін қапталда өткізді, тіпті Еурода да ол өзіне орталық шеп ыңғайлы екенін айтқан-ды. Райс артқы жартылай қорғаныста ойнап үйренген, бірақ Саутгейт қалағандай, Пирло стиілдегі артқы жартылай қорғаушы болуды жөн көре бермейді. Екіншіден, физикалық дайындықта мәселе бар. Саутгейт көп ойыншының құрамаға бабында келмегенін айтады. Ол жарақат кесірінен «Ньюкасл» құрамында көп ойнай алмаған Триппьерді, маусым соңында «Бавария» сапында ойнамаған Кейнді мысалға келтіреді. Гареттің айтуынша, осы шаршаңқылық салдарынан Англия Еуроның басында прессинг жасауды ойлаған да жоқ. Финалға барар жолда Саутгейт жүгінген бір ғана амал — косметикалық өзгерістер. Олар 4-2-3-1 нұсқасымен бастады, Сака мен Фоден шабуылдың қос қапталына қойылды да, Джуд ондықтың орнында шықты. Ширек финалдан бастап модель аздап өзгерді. Сака оң жақта бесінші қорғаушы болып шегіне алады. Фоден нақты орталық алаңда және өзіне ыңғайлы тұсқа мейлінше жақын жерде ойнайды (оң жартылай қаптал). Джуд солға ауысады.
Испания вышла в финал Евро-2024 и будет там фаворитом. За испанцев еще и статистика: с 2001 года клубы и сборная не проиграли ни одного финала ЛЧ, Лиги Европы, чемпионата мира и Европы, в котором участвовали. Лига Наций УЕФА – у этого турнира пока что было всего три финала. Испании участвовала в двух из них. В 2019-м проиграли Франции со счетом 1:2 – хотя тогда победный от Килиана Мбаппе вызвал серьезные споры. В 2023-м испанцы в финале обыграли хорватов в серии пенальти.
Испания Еуро-2024 финалына шықты және онда фаворит болады. Статистика да испандар жағында: 2001 жылдан бері бұл елдің клубтары мен құрамасы өздері қатысқан Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының, әлем чемпионатының, құрлық додасының бірде-бір финалында жеңілген жоқ. УЕФА Ұлттар лигасында әзірше үш-ақ финал болды. Испания соның екеуіне қатысты. 2019 жылы Франциядан 1:2 есебімен жеңілді — сол кезде Килиан Мбаппе соққан жеңіс голы біраз дау тудырған еді. 2023 жылы испандар хорваттардан ойын соңындағы пенальти сериясында басым түсті.